Аламан Асылбек Турсынұлы

Бас Директордың бизнесті қамтамасыз ету бойынша орынбасары

Функционалдық міндеттері:

Кәсіпорынның пайдасын арттыруға бағытталған коммерциялық қызметін, тауарлардың уақтылы және білікті жеткізілуін, сату желісін кеңейтуді, сенiмгерлiк бөлiмдердiң өзара iс-қимылын және жұмысының тиiмдiлiгiн ұйымдастырады. Сыртқы экономикалық мәселелер бойынша Серіктестіктің қызметін үйлестіреді. Кеніштегі және ауысымдық қалашықтағы нысандардың құрылысын үйлестіреді. Серіктестіктің еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын мекемелердің акциялары мен үлестері түріндегі активтерін басқару жөніндегі жұмысты үйлестіреді, және өз құзыреті шеңберінде тиісті құжаттарға қол қояды. Халықаралық нарықты талдау бойынша ақпараттық материалдарды дайындауды үйлестіреді.

26.10.1979 жылы туған.

Білімі:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, мамандығы: Құқықтану;
  • А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, мамандығы: қаржы.