Біз туралы

«Хорасан-У» («Хорасан-У») БК» ЖШС 2014 жылдың 5 тамызында құрылды.

Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған.
Серіктестіктің қатысушылары болып табылады:

  • «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға) - 33,98 % үлес;
  • Energy Asia Holdings Ltd ( Энерджи Эйша Холдингс Лтд) (Британияның Виргин аралдары заңы бойынша заңды тұлға болып табылатын компания) - 36,02 % үлес;
  • Uranium One Utrecht B.V. (Ураниум Уан Утрехт Би.Ви.) (Нидерланд заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылатын компания) - 30% үлес.

Кеніш Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында орналасқан. 2008 жылы тәжірибелік өндіріс басталды.
Серіктестікті құрудың негізгі мақсаттары:

  • уран өнімдерін барлау, өндіру, қайта өңдеу және сату саласында өзара тиімді сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту;
  • Қатысушылар мүдделерінде Серіктестіктің қызметінен пайда алу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мақсаттар.